Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 градус аяз: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Үсік
Үсік шалған гүл. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері елдің солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында түнгі және таңғы сағаттарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Сондай-ақ аталмыш өңірлерде тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал.

Республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі.

Одан бөлек еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі сағаттарда 3 градус аяз болуы ықтимал. Десе де бұл өңірлерде күндіз 3-13 градус аралығында жылы болмақ.

Сонымен қатар республиканың батысында түнде 1-9 градус, күндіз 15-25 градус, оңтүстікте түнде 1-6 градус аралығында жылы болады деп күтілуде.

Ал таулы аудандарда түнде 2-7 градусқа дейін аяз күтіледі. Дегенмен күндіз 12-20 градус аралығында жылы болмақ.

Синоптиктер Еуропа аймақтарынан келетін суық антициклон жаңа аптаның басында республиканың батысында, содан кейін солтүстігінде жауын-шашынның тоқтауына себеп болатынын да айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991716-3-gradus-ayaz-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel