Астанада Қорғаныс министрлігі маңында дрон ұшырған екі ресейлік азамат ұсталды

Опубликовано:

ұшқышсыз аппарат
Дрон. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада бір күнде екі рет ұшқышсыз ұшатын аппараттың заңсыз ұшырылуы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Құқыққорғаушылардың мәліметінше, Астанаға келген Ресей азаматттары Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Істі қарау барысында 21 және 28 жастағы шетел азаматтары Қорғаныс министрлігі ғимараты мен Жағалау аймағында ұшқышсыз ұшақтарды ұшырғаны анықталған.

Бұл фактілер әртүрлі уақытта болған. Сонымен қатар азаматтардың квадрокоптерді пайдалануға рұқсаты болмаған.

"Құқықбұзушылықтар ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілген. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991839-astanada-qorganys-ministrligi-manynda-dron-usyrgan-eki-reseilik-azamat-ustaldy/