Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кел, балалар, оқылық": Тараздық балалар актерлік шеберлікті үйренді

Жарияланған күні:

балалар
Фото: Jusan Bank

Болашақ мамандығыңды таңдау, тағдырыңа қатысты шешім шығару және таңдау жасаудан қателеспеу. Көптеген жасөспірімді мазалайтын сұрақ осы болар. Ата-аналар да баласының болашағына олардан кем бас қатырмайды. Сол себепті олар перзенті үшін таңдау жасауды көп жағдайда өз мойнына алатыны рас, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балаларға осы бір күрделі мәселе бойынша таңдау жасауға көмектесу мақсатында "Ирина Қайратовна" тобының продюсері Қуаныш Бейсеков Jusan Bank-тың қолдауымен жасөспірімдерге креативті білім беруге арналған "Кел, балалар, оқылық" деп аталатын жобаны іске қосқан.

Қазіргі таңда жобаның екінші маусымы өз мәресіне жетіп отыр.

балаларға арналған шеберлік сабағы
Фото: Jusan Bank

Бұл жолы Тараздан келген жиырма бала актерлік шеберлік пен көлеңкелі театр өнері бойынша білім алды. Қуаныш Бейсековтың Jusan Bank қолдауымен ұйымдастырған жобасының екінші маусымы Таразда өтті. "Кел, балалар, оқылық" бұған дейін де танымалдылыққа ие болған еді. Бірінші маусымда оған Алматы облысындағы елдімекендерден 60 бала қатысқан.

Ол кезде жоба "түлектері" киноиндустрияға машықтанып, жаңа білім алып қана қоймай, сонымен бірге "дипломдық жұмысы" ретінде әнші Yenlik-ке клип түсіріп берген еді.

Бұл жолы Тараз қаласының жас өнерпаздары өздерінің оператор, актер және режиссер ретіндегі машықтарын арттырды.

Маусым аяқталған соң білім алушылар қойылым қойып, өз бетінше сценарий жазып, декорацияларды жасап, костюмдерін әзірледі. Ал жоба жайында деректі фильм түсірілді.

Қуаныш Бейсеков мектептен соң қайда баратынына бас қатырып, қай мамандықты таңдарын білмей, ойланып жүрген жасөспірімдерге тәжірибесін бөлісуді бұрыннан армандап келгенін жеткізді. Jusan Bank-тың арқасында ол өз идеясын іске асыра алды. Қаржы ұйымы жобаға қолдау көрсеткен.

балалар
Фото: Jusan Bank

"Ауыл балаларына арналған бұл идея туралы ойланғаныма көп болды, ал қолдау тапқан соң бірден оны іске асыруға кірістім. Нәтижесі маған ұнады және мені шабыттандырды. Бұған күш-қуатым көп кетті, бірақ есесіне бұдан да көп энергия алдым. Бүкіл өмірімді осындай жобаларға арнауға дайынмын", - дейді Қуаныш Бейсеков.

Jusan Bank-тың басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосовтың айтуынша, "Кел, балалар, оқылық" жобасы арқылы курсқа қатысқан балалардың шешім жасауына, тағдырын өзгертуге үлес қосылды. Ал оқушылардың жанып тұрған жанарынан команданың дұрыс жолда келе жатқанын бағамдауға болады, дейді ол.

"Біз олардың бойына сенім ұялаттық, талап пен жаңа білім арқылы қалаған нәрсеге қол жеткізуге болатынын көрсеттік", - дейді Нұрдәулет Айдосов.

кітап
Фото: Jusan Bank

Ал "Ирина Қайратовна" тобының продюсері мұндай жобалар балаларды алға ұмтылуға шабыттандырып, мақсатқа қол жеткізуді үйрететіні анық екенін айтады. Алғашқы маусымда-ақ Қуаныш Бейсеков балаларға ақпарат беру процесін қызықты әрі креативті ету үшін жеңіл түрде, түрлі оқиғалар айтып, фильмдер мен роликтер көрсетуге болатынына көз жеткізген.

Оқушыларға сабақта еркіндік берілген. Олардың бітіру жұмыстарына еш шектеу қойылмаған. Білім беру фантазия мен креативтілікке негізделген. Яғни, балалар өзін емін-еркін ұстаған.

Бұл балалар болашақта режиссер, актер немесе оператор бола ала ма – уақыт көрсетеді. Алайда тиісті білім мен қабілет болса, баланың қолынан көп нәрсе келетінін айқындауға болады. Әсіресе, достыққа берік команда болса, мақсатта жету әлдеқайда жеңіл болмақ.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991999-kel-balabar-oqylyq-tarazdyq-balalar-akterlik-seberlikti-uirendi/