"Оңтүстікте 20-25 градус жылы": алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көшеде шайтанарбамен кетіп бара жатқан адам
Алматы күзі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 11-13 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Еуропалық антициклонның әсерінен жаңа жұмыс аптасының басында Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауы және күндізгі температураның жоғарылауы күтіледі.

Дегенмен елдің батысында Қара теңіз аудандарынан келетін тағы бір циклонның әсерінен күн бұлтты болып жаңбыр жаууы ықтимал.

Сондай-ақ өңірде ауа температурасы +10+18 градусқа дейін біртіндеп төмендемек.

Ал Қазақстанның солтүстігінде және орталығында күндізгі уақытта 15-20, шығыста 13-18, оңтүстікте 20-25 градусқа дейін жылы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992020-ontustikte-20-25-gradusqa-deiin-zyly-aldagy-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/