Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова елімізде қанша Ресей азаматы жұмыс істейтінін айтты

Опубликовано:

қаражат
Әмиян. Көрнекі фото: molva33.ru

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысында Қазақстанда қанша Ресей азаматы жұмыс істейтінін және олардың қай салада қызмет ететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамара Дүйсенова қазіргі таңда Қазақстанда 22,5 мың Ресей азаматы заңды түрде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Оның ішінде 8 мың адам биыл жыл басынан бері жұмысқа орналасқан.

"Негізінен олар қызмет көрсету саласында еңбек етеді, ол 72 пайызды құрайды, 16 пайызы өнеркәсіпте, 9 пайызға жуығы құрылыста, 2 пайызы ауыл шаруашылығында. Мамандықтар ішінде бірінші орында - бухгалтерлер, тұтынушымен жұмыс менеджерлері, сатушылар және тасымалдаумен айналысатын адамдар, жүргізушілер бар. Бұл бізде ресейліктер ең көп істейтін 5 сала", - деп түйіндеді сөзін министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992128-tamara-duisenova-elimizde-qansa-resei-azamaty-zumys-isteitinin-aitty/

pixel