Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда үш күн бойы жіпке оратылып қалған қарға құтқарылды

Опубликовано:

Талда отырған қарға
Аяғы жіпке оралып қалған қарға. Фото: Аждар Жүсіпов

Павлодарда үш күн бойы жіпке оратылып қалған қарға құтқарылды. Құтқарылған құс бірден ұшып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның жазуынша, "Сердца Павлодара" қоғамдық ұйымының еріктілеріне Ак. Бектұров көшесі, 77 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындары хабарласып, жіпке оратылып қалған қарға үшінші күннен бері ауладағы ағашта отырғаны жайлы айтқан.

"Қоғамдық бірлестіктің өкілі Мария Гребенкина орманшылардан көмек сұрады. Олар әуе мұнарасын әкеліп, құсты ағаштан түсіріп алды", - дейді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Қоғамдық ұйым орманшыларға алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992201-pavlodarda-us-kun-boiy-zipke-oratylyp-qalgan-qarga-qutqaryldy/

pixel