Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тұрғын танысын алдап, несиеге алтын алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Алтын әшекейлер
Алтын әшекейлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында ер адам танысының атынан несиеге алтын алды деген күдікке ілінді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 600 мың теңге, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медиа порталдың жазуынша, Төлеби аудандық полициясына жергілікті тұрғын арызданған.

Ер адамның айтуынша, танысы оның атына банк қосымшасы арқылы несиеге алтын әшекей алған. Алайда бұл туралы жәбірленуші бір ай уақыт өткен соң, яғни банк тарапынан "қарызыңызды төлеңіз" деген хабарлама келгенде ғана білген.

Тұрғын мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында полицейлерге жүгінген.

Полиция қызметкерлері аталмыш фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеген. Тексеріс барысында күдіктінің жеке басы анықталған. Ол бұрын жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын істеген ер адам болып шыққан.

Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушіге несиеге алтын әшекей алып беремін деп одан ұялы телефонын алған. Банк несиені мақұлдаса да, жәбірленушіге "атыңна несие шықпады" деп жалған ақпарат берген.

"Ары қарай алаяқтық жолмен тапқан алтынды ломбардқа өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсаған", – дейді полиция өкілдері.

Полицияның дерегінше, жәбірленушіге келген шығын көлемі – 600 мың теңге. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992371-turkistan-oblysynda-turgyn-tanysyn-aldap-nesiege-altyn-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel