Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көліктің есіктерін ұрлаған тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Патрульдік жасақтың көше аралау сәті
Оқиға орнындағы полиция көлігі. Фото: Polisia.kz

Алматыда патрульдік жасақ көшелерді аралау кезінде көліктің есіктерін ұрлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, патрульдік жасақ күдіктіні ұстайтын күні көліктің екі есігі мен екі балка көтеріп келе жатқан үш адамды көреді. Оқиға түн ортасында Руставели көшесінің бойында болған.

Тәртіп сақшыларын көрген екеуі темірлерін лақтырып, қашып кеткен, тек 48 жастағы А. есімді азамат қашуға үлгермей қалған.

"Күдіктіні патрульдік жасақ көшелерді аралау кезінде ұстады. Күдіктілердің автокөлік бөлшектері қоймасына жасырын кіріп, көздеріне бірінші іліккен затты алғандығы анықталды. Қазір ұсталған күдіктінің екі сыбайласын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша біздің бөлімшенің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ұрлықтың мән-жайы анықталып жатыр," – деді Алматы қалалық ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992558-almatyda-koliktin-esikterin-urlagan-turgyn-ustaldy/

pixel