Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының көші-қон қызметі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

полиция қызметкері құжаттарды қарауда
Полиция қызметкері құжаттарды қарауда. Көрнекі фото: polisia.kz

Алматы полициясы азаматтарды еліміздің көші-қон заңнамасын бұзбауға сондай-ақ тұрғылықты және уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) сәйкес, тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрғаны үшін ескерту және 7 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген", - дейді Алматы көші-қон қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар полиция шетелдіктердің тұрғылықты жерін тіркеу, уақытша болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу тек меншік иесінің жазбаша немесе электронды түрде көрсетілген электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған келісімімен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің Көші-қон қызметі шетелдіктерді қабылдайтын қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992813-almatynyn-kosi-qon-qyzmeti-malimdeme-zasady/

pixel