Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери доктринаға өзгеріс енгізді

Опубликовано:

Президент әскери доктринаға өзгеріс енгізді
Президент әскери доктринаға өзгеріс енгізді. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әскери доктринасына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжат "Әділет" министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түзетілген қаулы 2022 жылдың 12 қазанында жарияланған.

Өзгертілген әскери доктринаның кейбір қағидалары:

  • Стратегиялық бағыттарда әскерлердің (күштердің), қару-жарақтың, әскери техника мен материалдық құралдар қорларының қажетті жиынтығын жасау есебінен мемлекеттің әскери ұйымының құрлық, әскери-әуе және әскери-теңіз құрауышының жауынгерлік әлеуеті арттырылды.

Бұл бөлім: "Әскерлерде ақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-техникалық (кибер) әсер етуге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қарулы Күштерде бөлімшелер құрылды. Олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы проактивті жүйесін қалыптастыруға бағытталған техникалық және кадрлық әлеуетті дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Аумақтық қорғаныс жүйесін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етудің ортақ жүйесіне интеграциялау шеңберінде Қарулы Күштер құрамында аумақтық қорғанысты басқару органы құрылды. Мемлекетке төнетін әскери қатерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету мүддесінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әуе-көлік мүмкіндігін күшейту жөнінде алдын ала шаралар қабылдануда", - деп толықтырылған.

  • Әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы қатерге барабар ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар дәйекті және жоспарлы түрде жүргізілуде.
  • Стратегиялық бағыттарда әскер топтарын (күштерді) тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді тылдық және техникалық қамтамасыз етудің ұтқыр және стационарлық құрауыштары құрылды".
  • Қазақстан Республикасы елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекетке қарсы әскери жанжалдың басталу қатерінің алдын алуға, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуды кеңейтуге, халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы күреске, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымын Қазақстан Республикасын және оның одақтастарын қарулы қорғауға жоғары әзірлік деңгейінде ұстауға ниеттенеді.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992907-qasym-zomart-toqaev-askeri-doktrinaga-ozgeris-engizdi/

pixel