Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қашып бара жатқан ер адам да полицей": ІІМ желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Полицейден қашып бара жатқан ер адам
Полицейден қашып бара жатқан ер адам. Виедодан кадр: lada.kz

Қазақстандық ақпараттық порталдардың бірінде полиция қызметкерінің тағы бір полицейдің соңынан қуып бара жатқаны жайлы видео пайда болды. Бұл видеоға қатысты еліміздің Ішкі істер министрлігі ресми Telegram-арнасында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Lada.kz сайты жариялады. Басылымның мәліметінше, видео Жаңаөзендегі автотұрақтардың бірінде түсірілген.

"Видеода полиция қызметкері бұған дейін өзі хаттама толтырған құқық бұзушының артынан жүгіріп барады. Қашып бара жатқан ер адам да полиция қызметкері", - деп жазды басылым.

ІІМ қашып бара жатқан ер адамның полиция қызметкері екенін растады.

"6 қазан күні сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізілуде. Аталған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады", - дейді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992937-qasyp-bara-zatqan-er-adam-da-policei-iim-zelide-taragan-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel