Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бүгіннен бастап жылу берілмек

Опубликовано:

жылыту маусымы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 17 қазаннан бастап Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша жылу беріле бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында.

Тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Бірінші кезекте балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жылу беріле бастайды.

Екінші кезекте тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлерге жылу беріледі.

Үшіншіден, әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар жылу жүйесіне қосылады.

Кейін басқа ғимараттарға жылу беріледі.

Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету процесі басталып кеткенін атап өтті.

Қала басшылығы басқарушы компания, ПИК, ОСИ үйге кіре берістегі параметрлерді тексеріп, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесін барлық қажетті шаралармен қосуды жүзеге асыруы керек екенін қоса кетті.

Жылыту маусымының басталуы метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993032-bugin-almatyda-zylu-berile-bastaidy/

pixel