jitsu gif
Отбасы

    Алматыда сақ дәуірі жауынгерінің жерленген жері табылды (фото)

    Археолог сақ жауынгерінің денесін тапты
    Сақ жауынгерінің қалдықтары. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматыда 16 қазан күні Алатау ауданының аумағында орналасқан ерте темір дәуірінің апатты қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде біздің дәуірімізге дейінгі V-II сақ дәуіріндегі жауынгердің бүтіндей жерленген денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қабір шұңқырынан алтынмен әшекейленген қылыштың сынықтары, сондай-ақ аң стилінде алтын жапырақтан жасалған киімдерге арналған қосымшалар табылғаны хабарланған.

    Сонымен қатар, күміс қоспасынан жасалған киімдерге арналған бұйымдар да табылды. Археологтар үш метрден астам тереңдікке көмілген ағаш жәшіктен жауынгердің қалдықтарын тапты.

    "Жыл сайын қазба жұмыстарын жүргіземіз, бірақ мұндай олжа сирек табылады. Киімнің алтын сынықтары соңғы рет 2014 жылы табылған болатын", – дейді Алматы мұражайлары қауымдастығының директоры Ләззат Сағындықова.

    Бұған дейін археологтар Екінші Түрік қағанатының негізін қалаушының құрметіне салынған кешен тапқан болатын.

    Алматыда сақ дәуірі жауынгерінің жерленген жері табылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.