Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық фильм Канн кинофестивалінің номинациясында бас жүлдені жеңіп алды

Опубликовано:

түсірілім тобы
Түсірілім тобы. Фото: Instagram/Азиз Заиров

Қазақстандық режиссерлердің "Анашым, мен тірімін!" әлеуметтік драмасы Жібек жолы елдерінің фильмдері арасында Cannes 7 th Art Awards 2022 байқауында гран-приді жеңіп алды. Бұл туралы фестивальдің Facebook-тегі ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық режиссерлер Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтің "Анашым, мен тірімін! фильмі Жібек жолы елдері номинациясында Канн кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Азиз Заировтың өзі де Instagram парақшасында мәлім етті.

"Қазақстандықтар, баршаңызды құттықтаймыз! Канн кинофестивалінде "Анашым, мен тірімін!" фильмі Жібек жолы елдері фильмдерінің Гран-приін жеңіп алды!", - деп жазды ол.

Фильм кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор әйел туралы әлеуметтік драма. Фильм сюжеті бойынша әйелдің қызы лейкемияға шалдығады, қанша тырысқанымен ол баласын аман алып қала алмайды. Кейіпкер қайғыға батады, ештеңе көмектеспейді, содан кейін ол өз қамқорлығындағы, қызымен дос болған балалар үйіндегі жетім жасөспірімді асырап алу туралы шешім қабылдайды.

"ҚазАқпарат" тілшісіне берген сұхбатында фильм режиссері бұл соңғы үш жылда Канн кинофестиваліне ұсынылған тұңғыш қазақстандық фильм екенін атап өткен.

"Фильм барынша қызықты, терең философиялық мәнге ие болуы үшін жүрегіміз бен жанымызды салдық. Біз жауапкершілік жүгін арқалаған аналардың жан дүниесін көрсеткіміз келді", - дейді Азиз Заиров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993112-qazaqstandyq-film-kann-kinofestivalinin-nominaciyasynda-bas-zuldeni-zenip-aldy/

pixel