Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда қайтыс болған 250-ден астам адам баспана кезегінде тұрған

Опубликовано:

Жаңа тұрғын үй кешені
Тұрғын үй. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараздағы тұрғын үй кезегіне қатысты бірнеше мың заң бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның мәліметінше, Антикордың тексерісінен кейін қайтыс болған 257 азамат Таразда 12 жылдан бері пәтер кезегінде тұрғаны белгілі болған.

Сондай-ақ мониторинг барысында екі мыңға жуық азаматтың некеде тұрғаны, облыстың үш мыңнан астам тұрғынының әр түрлі жылжымайтын мүліктері бар екені анықталған. Сонымен қатар 80-ге жуық адам облыста тіркелмеген болып шықты, ал 17-сі тіпті басқа елдерде тұрады.

Антикор тексеріс барысында анықталған адамдардың барлығы пәтер кезегінде мемлекеттік қызметкерлер, мүгедектер, жетім балалар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының өкілдері ретінде тұрғанын атап өтті. Қазір тексеріс жалғасуда.

"Мониторинг қорытындысы әкімдіктерге жолданды. Ведомствоның араласуының нәтижесінде 1075 адам кезектен шығарылды. Қалған 4650-і бойынша Қазақстан заңнамасының аясында кезектен шығару шаралары жүргізілуде", – дейді Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының аға офицері Жәнібек Сұлтанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993213-tarazda-qaitys-bolgan-250-den-astam-adam-baspana-kezeginde-turgan/

pixel