Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, көктайғақ: қараша айында ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жерде жатқан жапырақтар
Жапырақтар. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері қараша айында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, қараша айында ел аумағында ауа температурасының ауытқуы, тұман және көктайғақ күтіледі, ал елдің солтүстігінде қар жамылғысының түзілуіне және желдің күшеюіне байланысты бұрқасын болуы мүмкін.

Мамандар қарашаның бірінші онкүндігінде әлі де жылы ауа райы сақталатынын болжап отыр. Алайда айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі енеді деп күтілуде.

Синоптиктер сондықтан елдің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5-17°С-қа дейін, күндіз +12+22°С-тан -2-10°С-қа дейін біртіндеп төмендейтінін айтады. Ал айдың соңында ауа температураның аздап көтерілуі ықтимал.

Метеорологиялық қызмет ұсынған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+15°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы түнде -15-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін төмендейді.

Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бірінші онкүндікте күндіз +12+20 грудасқа дейін жылы болмақ. Кейін ауа температурасы түнде -10-17, күндіз -1-8 градусқа дейін біртіндеп төмендейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993264-burqasyn-koktaigaq-qarasa-aiynda-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel