Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабай курорттық аймағынан "үйді" алдын ала брондаған әйел 190 мың теңгесінен айырылып қалды

Опубликовано:

қонақ үй
Қонақ үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Елорда тұрғыны Бурабай курорттық аймағынан үйді алдын ала брондаймын деп сан соғып қалған. Оқиғаның мән-жайын жергілікті полиция мәлім етті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, 15 қазанда Бурабай АПБ кезекші бөліміне елорданың 40 жастағы тұрғыны шағымданған.

Әйел шағымында Instagram желісі арқылы тапқан Бурабай курорттық аймағындағы қонақ үйлердің бірінің иесімен телефонда хат алмасу арқылы сөйлескенін айтқан.

Тұрғынға демалыс базаларының бірінде бос үй ұсынылған. Оны брондау үшін әйел 190 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, ақшаны алғаннан кейін парақшаның иесі байланысқа шықпай қойған.

Медиа-порталдың хабарлауынша, 14 қазанда курорттық аймаққа келген әйел Бурабай ауданының аумағында мұндай қонақ үйдің жоқ екенін біліп, полициядан көмек сұраған.

Бұл факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Полицейлер күдіктіні анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993270-burabai-kurorttyq-aimagynan-uidi-aldyn-ala-brondagan-aiel-190-myn-tengesinen-aiyrylyp-qaldy/

pixel