Оралда бұзылған үйлердің орнынан адам сүйектері табылған (видео)

Опубликовано:

адам қаңқалары
Адам қаңқалары. Фото: Уральская неделя

Орал полициясы қала орталығындағы бұзылған үйлер орнынан табылған адам сүйектеріне қатысты дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, редакцияға куәгерлердің бірі бейнежазба ұсынған. Видеода автор Пугачева көшесінің бойындағы ескі үйлерді бұзу кезінде экскаватор жиырма шақты бас сүйек пен қаңқаны қазып алып шыққанын айтады. Оның сөзінше, тағы бірнеше адамның сүйегі шұңқырдан және шатырдан бір адамның сүйегі табылған.

Бұл жайтқа қатысты басылымға полиция пікір білдірген. Оған сәйкес, Пугачев көшесіндегі 33 және 34 үйлер арасындағы учаскеде "Тәуекел" ЖШС құрылысқа дайындық жұмыстарын жүргізуде. Онда көпқабатты үй бой көтермек. Полиция аталған жұмыстарды жүзеге асыру барысында барлық қоқыс жүк көліктерімен "Зенит" телеорталығының аумағына шығарылғанын мәлім еткен.

Сондай-ақ 7 қазанда полицейлер адам өлімі фактісі бойынша іс қозғаған. Жедел-тергеу тобы Пугачева көшесіндегі сүрілген үйлердің орнына барып, тексеріс жұмыстарынан кейін адам сүйектерін тәркілеген.

Қылмыстық істі тергеу аясында полицейлер видеоның авторы 53 жастағы тұрғыннан жауап алған. Ол полицияға құрылыс алаңына антиквариат – тиындарды іздеу мақсатында келгенін, алайда адам сүйіктерін байқап, ұялы телефонына видеоға түсіргенін айтқан.

Одан әрі тергеу барысында полицейлер "Зенит" телеорталығының маңында тұратын тағы бір куәгерді анықтаған. Полицияға берген түсініктемесінде ол пайдаланылған құрылыс материалдарын жинау үшін қоқыс шығарылған орынға келгенін, бірақ адам сүйектерін тапқанын жеткізген. Полицейлер бұл куәгерден 11 бас сүйек пен 323 сүйек тәркілеген.

Басылымның хабарлауынша, полицейлер табылған адам сүйектерін сот-медициналық сараптамаға жіберген.

Құзырлы орган сараптама нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатынын, егер адам сүйіктерінің жатқанына 60 жылдан асқан болса, іс тоқтатылатынын мәлім еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993299-oralda-buzylgan-uilerdin-ornynan-adam-suiekteri-tabylgan/