Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Алматы мен Қонаев арасында қатынаған электр пойызын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру керек

Опубликовано:

электр пойызы
Электр пойызы. Көрнекі фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесуінде Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы теміржол желісін дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

Мемлекет басшысының сөзінше, облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру – басты басымдықтың бірі. Президент осы орайда үкіметке әкімдікпен бірлесіп, өңірдің көлік желісін жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.

"Жолаушы және жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасау керек. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы автожолмен қатар теміржол желісін дамыту қажет.

Бұрын екі ортада арнайы электр пойызы қатынайтын. Соны қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл шара Алматы маңындағы көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.

Алматы облысы Алматы шаһарының іргесінде және Қытай шекарасына жақын орналасқан. Мұнда аймақаралық көлік дәліздерін дамыту аса маңызды. Күре жолдар жүк және жолаушы тасымалының көлемін арттырады.

Сондай-ақ, бір облыстың ғана емес, тұтас елдің дамуына септігін тигізеді", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993365-toqaev-almaty-men-qonaev-arasynda-qatynagan-elektr-poiyzyn-qaita-qalpyna-keltiru-mumkindigin-qarastyrudy-tapsyrdy/

pixel