jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Кеңгір су қоймасы 370 мың сазанмен толықты

Су қоймасы
Фото: Kazakhmys Holding

Бұл іс-шара "Жезқазғантүстімет" ӨБ ұйымдастырған экологиялық акция аясында жүзеге асты.

Қазіргі уақытта өзіндік ерекшелігі және көп салалы мақсаты бар шағын су айдындарын балық шаруашылығымен игеруге ерекше назар аударылады. Бұл әсіресе Жезқазған қаласы сынды құрғақ аудандарға қатысты.

Балық
Фото: Kazakhmys Holding
"Балықтандыру Кеңгір су қоймасында олардың популяциясын сақтау үшін балықтардың тұрақты санын қолдау мақсатында жүргізіледі", - деп түсіндірді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жезқазғантүстімет" ӨБ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Лаура Сатыбалдина.
Балық
Фото: Kazakhmys Holding

Балықтандырудың түрі мен мөлшерін анықтау үшін 2021 жылы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің өтінімі бойынша "Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС мамандарын тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық және өзге де сипаттамаларды ескере отырып, Кеңгір су қоймасын балықтандыру бойынша ғылыми ұсынымдар берілді.

Балық
Фото: Kazakhmys Holding

Балықтандыруды "Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС мамандары Қапшағайда уылдырық шашу–өсіру шаруашылығы негізінде жүргізді. Жалпы көлге жіберілген сазанның саны – 370 000 дана, салмағы кемінде 20 грамм. Кеңгір су қоймасының №2 учаскесі балықтандыру орны болып белгіленді.

Балық
Фото: Kazakhmys Holding

Балықтандырудың барлық процесі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, "Ұлытау облысы бойынша балық шаруашылығы қауымдастығы" және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС өкілдерінің комиссиялық бақылауымен жүзеге асырылады.

Кеңгір су қоймасы 370 мың сазанмен толықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.