Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесінде тырнақ ізі қалған": Павлодарда балабақша тәрбиешісі ақыл-есі кем баланы ұрғаны үшін күдіктелуде

Опубликовано:

Бала құммен ойнауда
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда балабақшаның тәрбиешісі бүлдіршіндерді шымшып, жұлқылап, жарақаттағаны туралы ақпарат тарады. Кейін бейнежазбадан тәрбиешінің әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ақыл-есінің дамуында кемшілігі бар балаларға арналған мекемеде 81 бала тәрбиеленіп жатыр. Ата-аналарының айтуынша, балалардың денесінде көгерген және тырнақ іздері қалыпты.

Осыдан күдіктенген олар бейнебақылау камерасын қараған. Кадрда тәрбиешінің балаларды жұлқылап, кеудесінен итеріп, шымшығаны анық көрінеді. Сол себепті ата-аналар мекеме басшысы мен тәрбиеші жұмыстан кетсін деген талап қойды.

"Мен топқа кірген кезімде тәрбиешінің ұлыма айқайлап жатқанын көрдім. Ал ол мені көрді де арғы бөлмеге кіріп кетті. Бірден директорға жүгірдім. Бірақ балабақшаның басшысы өз қызметкерін жақтап, олай болуы мүмкін еместігін айтуда. "Балаларды ұрмақ түгілі қолынан ұстамаймыз", - деді. Қазір менің ұлым балабақшаға барғысы келмейді. Ұрсады деп айтады", - дейді Кристина Калыгич.

Облыстық білім беру басқармасы тәрбиешінің бұл әрекетін растады. Сол үшін оны жұмыстан шеттеткен. Тәрбиешінің ерсі қылығына қатысты полиция әкімшілік іс қозғапты. Ал жұмысына салғырт қараған балабақша меңгерушісіне сөгіс берілді.

"Біз осы тәрбиешіні жұмыстан босатып, қазір административка жасалды. Содан көреміз қандай үкім шығатынын. Қазір мен сіздерге ештеңе айта алмаймын", - дейді балабақша директоры Тілектес Есенова.

Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993463-denesinde-tyrnaq-izi-qalgan-pavlodarda-balabaqsa-tarbiesisi-aqyl-esi-kem-balalardy-urgany-usin-kudiktelude/

pixel