jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Тоқаев Жетісу облысының алты тұрғынын орденмен және медальмен марапаттады

Медаль
Медаль. Көрнекі фото: ortcom.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына сапары аясында өңірдің бірнеше тұрғынын орденмен және медальмен марапаттады, деп хабарлайды №1 Борт Telegram арнасы.

Мемлекет басшысының жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

"Парасат" орденімен "Жетісу" авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Жағыпарұлы Дөңсебаев;

"Парасат" орденімен еңбек ардагері Әуесхан Мажай;

"Құрмет" орденімен еңбек ардагері Әміре Әрінұлы Әрінов;

ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен "Жазылбеков және К" шаруашылық қожалығының шопаны Ардақ Абайұлы Бекчойнов;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Есімжанов" шаруашылық қожалығының төрағасы Мұхит Айтмұхамбетұлы Есімжанов;

"Шапағат" медалімен Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Светлана Петровна Минченко наградталды.

Тоқаев Жетісу облысының алты тұрғынын орденмен және медальмен марапаттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.