Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда делдалдар 40-50 пайызға дейін үстеме қосады: Қала әкімі азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында қалада азық-түлік бағасын тұрақтандыру және арзандату жұмыстарын жүргізу қалай жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Биыл азық-түлік инфляциясының 20 пайызға жетуі менің қызметіме басты ауыртпашылық болып отыр. Геосаяси оқиғаларға байланысты көптеген факторлар бар екені анық. Өйткені, қала бәрін сырттан импорттайды.

Ал ендігі міндеттердің бірі - Алматы облысының бізді баға бойынша қолдауы. Біз көкөніске байланысты көптеген өңірлермен тікелей келіссөздер жүргізудеміз. Мысалы күрішті үкіметпен, Қызылорда облысымен келісіп, жеткізу мәселесін шештік. Бірақ объективті факторлар бар - бұл жанармайдың қымбаттауы және т.б", - дейді әкім.

Досаевтың айтуынша, жыл соңына дейін қалада белгіленген бағамен 85 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім бар.

"Ақша бөлінді, астық пен күнбағыс майын жеткізу бойынша келістік, қант, күріш, қарақұмық мәселесін шешу үшін 6,4 млрд теңге бөлдік. Қазір үкімет біркелкі баға туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, біз өз квотамызды аламыз. Бағаны тұрақтандырамыз.

Азық-түлік бағасының өсуі - бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде солай. Бірақ қала дайын. Биыл 15 млрд теңге бөлдік. Қажет болса, келесі жылға субсидиялауға және біздің өндірушілерден жақсы бағамен алатындай соманы көбейтуге қаланың мүмкіндігі бар", - деді Досаев.

Шенеунік делдалдық схемалар басты мәселе болып қалып отырғанын атап өтті.

Негізгі жеткізушілер базар болып қала береді және бұл жерде біз шаралар кешенін дайындадық, қаңтар айынан бастап делдалдарды тізбектен "алып" тастағымыз келеді. Қалада делдалдар бағаға 40-50 пайыз үстеме қосады, ал басқа жерлерде бұдан да көп. Сондықтан біз тізбекті сәл азайтсақ, келесі жылы қалада бағаның өзгеруі байқаймыз", - деп түйіндеді сөзін әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993588-almatyda-deldaldar-40-50-paiyzga-deiin-usteme-qosady-ala-akimi-azyq-tulik-bagasyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel