Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бейнеуліктер" қылмыстық тобының мүшесі деген күдікпен алты адам ұсталды

Опубликовано:

Күдіктілердің бірі
Арнайы операция кезіндке ұсталған күдіктілердің бірі. Фото: ҰҚК ресми сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бейнеуліктер" қылмыстық тобының басшысы және белсенді мүшесі деген күдікпен алты адамды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қазанда бір уақытта Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдыра отырып, "Бейнеуліктер" қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткен.

Арнайы операция кезіндке ұсталған күдіктілердің бірі.
Арнайы операция кезіндке ұсталған күдіктілердің бірі. Фото: ҰҚК ресми сайты

"Топ мүшелері "Тәжен" өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген", - дейді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Құзырлы орган дерегінше, арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі деген күдікпен алты адам ұсталған. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілген.

күдіктілердің бірі
Арнайы операция кезіндке ұсталған күдіктілердің бірі. Фото: ҰҚК ресми сайты

ҰҚК ұйымдасқан қылмыс тарапынан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993703-uqk-beineulikter-qylmystyq-tobynyn-musesi-degen-kudikpen-alty-adamdy-ustady/

pixel