jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

ХҚКО
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алдағы демалыс күндері еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мекеменің мәліметінше, 25 қазан күні елімізде Республика күнін аталып өтіледі. Осыған байланысты ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 23, 24 және 25 қазан күндері жұмыс істемейді.

"Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 24 қазан күні 09-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, 22 қазан жұмыс күні болып бекітілгенін еске саламыз. Бұл күні орталықтар клиенттерді сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін қабылдайды", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының өкілдері.

Мекеме 26 қазаннан бастап азаматтар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі жұмыс кестесі бойынша ала алатынын атап өтті.

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.