Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХҚО-лар қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда

Опубликовано:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда.

Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.

Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейтінін еске саламыз.

24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.

23 және 25 қазан - демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993726-xqo-lar-qyzmet-alusylarga-koterinki-konil-kui-syilauda/

pixel