Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының тас жолында оқ атты деген күдікпен елорда тұрғыны ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері биыл қыркүйек айының басында тас жолда оқ жаудырды деген күдікпен елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, оқиға қыркүйек айында болған. Яғни, 6 қыркүйек күні Аршалы аудандық полиция басқармасына елорданың 19 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Белгілі болғандай, Жібек Жолы кентінің маңында белгісіз тұлғалар арыз иесіне тиесілі Toyota Land Cruiser-200 автокөлігіне зақым келтірген.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы Астана – Қарағанды тас жолында белгісіз адамдар арасында жанжал туындағанын анықтайды.

"Куәгерлердің айтуынша, күдіктілердің бірі мылтықты алып, оқиғаға қатысушыларға бірнеше рет оқ атқан. Оқиға орнынан полиция атылған гильзалар, газ баллонын тәркіледі. Сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының, Аршалы АПБ Тергеу басқармасының және полиция бөлімі қызметкерлерінің жүргізген тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғарыда аталған қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұған дейін Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Астана қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Тінту іс-шаралары барысында күдіктіден заттай дәлелдер, атап айтқанда Наган тапаншасы және 57 оқ тәркіленді. Аршалы полиция бөлімі осы фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деді полиция өкілдері.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993870-aqmola-oblysynyn-tas-zolynda-atys-boldy-astana-qalasynyn-turgyny-ustaldy/

pixel