Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматыда автобустағы әйелді пышақ шабуылынан құтқарған жігітті марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Райымбек Медетбек
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Райымбек Медетбек. Фото: t.me/bort_01/Видеодан кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі салтанатты жиында биылғы жазда Алматыда автобустағы әйелді пышақ шабуылынан ерлікпен құтқарған жас жігітке сыйлық табыс етті. Салтанатты шараның видеосы БОРТ N1 Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 22 қазанда, Республика күні қарсаңында Астанада еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысының марапатына ие болғандардың қатарында Райымбек Медетбек есімді 23 жастағы жас жігіт те бар. Ол биылғы жылдың жазында Алматы қаласындағы автобустардың бірінде бұрынғы күйеуі пышақпен шабуылдаған әйелді құтқарып қалған болатын.

Райымбек Медетбекті марапаттау сәті 27 минуттан басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаев жас жігіттің қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, Медетбекке Алғыс хат тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994030-toqaev-almatyda-avtobustagy-aieldi-pysaq-sabuylynan-qutqargan-zigitti-marapattady/

pixel