Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстанда бірнеше жол жабылды

Опубликовано:

Қар
Қар. Фото: pexels.com

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында мен Солтүстік Қазақстанда 9 жол жабылды, деп хабарлады "QazAvtoJol" Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы Telegram арнасында.

Ақмола облысында 22 қазан сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскелері жабық тұр. Олар:

  • Астана-Петропавл 304-341 шқ аралығы;
  • Көкшетау-Рузаевка 0-61 шқ аралығы;
  • Көкшетау қаласының айналма жолы 0-18 шқ аралығы;
  • Көкшетау-Омбы 2-50 шқ аралығы;
  • Көкшетау-Атбасар 0-48 шқ аралығы;
  • Астана-Петропавл 231-304 шқ аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске).

Мұнда қар тазалау жұмыстарын жедел атқару үшін 18 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан өңірінде де бірқатар жол жабылған. Олар:

  • Астана-Петропавл 341 -392 шқ (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін);
  • Көкшетау-Рузаевка 61-196 шқ (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін)
  • Көкшетау-Омбы 50-85 шқ (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін ).

Айта кетейік, аталмыш жолдар 22 қазан сағат 22:50-ден бастап жабық тұр.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы жабылған жол учаскелерін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994046-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-aqmola-oblysy-men-soltustik-qazaqstanda-birnese-zol-zabyldy/

pixel