Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіме еріксіз жас келді": Республика күніне орай "Қазақмыс" ұжымы қазақстандықтарға ерекше құттықтау арнады

Опубликовано:

Қазақмыс
Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

25 қазанда елімізде соңғы 13 жылда алғаш рет Республика күні аталып өтіп жатыр. 2009 жылдан бері ұлттық мереке ретінде тойланбаған бұл күнге биыл президент бастамасымен бұрынғы мәртебесі қайтарылды. Барлық ұлттық мерекені асқан ұйымшылдықпен атап өтуді дәстүрге айналдырған "Қазақмыс" корпорациясының ұжымы қазақстандықтарға атаулы күнге орай үш түрлі құттықтау бейнебаянын ұсынды.

Алғашқы құттықтау бейнебаянында "Қазақмыс" корпорациясы "Еңбек" кәсіподағының қызметкерлері Республика күніне орай Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" патриоттық әнін орындаған.

Facebook желісінде құттықтауды жария еткен корпорация қызметкері Нұрболат Базарбекұлы ұжым атынан мынадай өлең жолдарын жазған:

Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.

Республика күнімен құттықтаймын,

Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

қызметкерлер
Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

Құттықтауды жылы қабылдаған желі қолданушылары жазба астында ақ тілегін жаудырды.

"Ұлылар мекені Ұлытау! Дами беріңіздер", "Құтты болсын, еліміз жарқырай берсін", "Қазақ елім аман болсын", - деп жазған пікір қалдырушылар.

"Атамекен" әніне тағы бір құттықтау бейнебаяны Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау және Қарағанды облыстарында түсірілген. Оған 700-ден астам қазақстандық атсалысты. Бұл ауқымды бастамадан "Қазақмыс" ұжымы да қалыс қалмады.

қызметкерлер
Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

Патриоттық әнді "Ембімұнайназ" кәсіпорнының мұнайшылары, Т.Күзембаев атындағы шахта кеншілері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сарбаздары, Ұлттық ұлан әскерилері, Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері, Қарағанды машина жасау зауытының көлік құрастырушылары, теміржолшылар, "Родина" агрофирмасының мамандары, тігіншілер және Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен өнер, спорт мектебінің тәрбиеленушілері қазақстандық әншілермен бірге орындаған.

Qazaqstan TV YouTube парақшасында жарияланған видео бір күннің ішінде 15 000-ға жуық қаралым жинап үлгерген. Бейнебаянды тамашалаған жұртшылық көптеген жағымды пікір қалдырып, әнді орындағандарға алғыс білдірген.

"Көзіме еріксіз жас келді, қуаныштан жылап алдым. Еліміз, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын", "Керемет шығыпты, осындай елде қазақ болып келгенімізге Аллаға сансыз мақтаулар болсын", "Керемет клип, азаматсыңдар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп жазған YouTube қолданушылары.

Корпорацияның ұйымшыл қызметкерлері қазақстандықтарға мереке күні тек әннен ғана шашу жасамай, поэзия арқылы да құттықтау арнауды ұйғарған.

Үшінші құттықтау бейнебаянында "Қазақмыс" ұжымы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым" өлеңін оқып, отанға деген патриоттық сезімінің асқақ екенін тағы бір аңдатады.

Қазақмыс
Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

Айта кетсек, Ақордада Республика күніне орай өткен салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Олардың қатарында "Қазақмыс" компаниялар Тобы кәсіпорындарының ардагерлері де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994208-kozime-eriksiz-zas-keldi-respublika-kunine-orai-qazaqmys-uzymy-qazaqstandyqtarga-erekse-quttyqtau-arnady/

pixel