Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда Республика күніне орай өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды (фото)

Опубликовано:

Тараз
Фото: Тараз қаласы әкімдігі

Елдіктің, егемендіктің тойы – Республика күні биыл 13 жылдан соң қайта тойланды. Мерекеге орай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Бұл мереке барша жұрттың ой-санасын дүр сілкінтіп, жылдар бойы қасаң қағидамен қатқан сеңді жібітті. Ұлттық мереке – ұлттың мәртебесін асырып, мерейін тасытты.

Республика күніне Тараз жұрты да толайым табыспен жетті. Тындырылған тірлік пен атқарылған шаруа аз емес. Алайда ел межесі, ер межесі осымен тоқтап қалмайды.

Екі мың жылдан аса тарихы бар көне шаһар бүгінде керегесін кеңейтіп келеді. Қаладағы құрылыс жұмыстары күн өткен сайын артуда.

Тараз
Фото: Тараз қаласы әкімдігі

Мәселен, 2022 жылы 126 нысан мен 46 жобаға 27,8 млрд теңге бөлінді. Бүгінде инженерлік-инфрақұрылымдық саласы бойынша 55 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

15-мөлтек ауданда 71 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына 22,7 млрд теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда, 42 көп қабатты тұрғын үйдің 13-і қабылданды. Ал қалған 33 тұрғын үй жыл соңына дейін аяқталмақ.

Яғни 285 пәтер өз кезегімен мұқтаж жандарға беріледі.

Тараз
Фото: Тараз қаласы әкімдігі

Бүгінгі мерекеге орай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік жиынға жиналған жұрт өңірдің қолөнер шеберлерінің көрмесі мен спорттық ойындарды, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994241-tarazda-respublika-kunine-orai-onirdin-damuyna-ules-qosqan-azamattar-marapattaldy-foto/