Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды

Опубликовано:

жол
Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде.

Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалап, күтіп-ұстау жұмыстары үшін қажет арнайы техниканы, 400 өндірістік база мен қойманы, 125 жылыту пунктін дайындады. Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау жұмыстары жалғасуда, атап айтқанда —120 мың м3 құм, 23 мың тонна тұз, 1200 тонна химреагент қоспалары дайындалуда. Сонымен қатар қалың қар басу қаупі жоғары учаскелер анықталды. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымды құрап отыр. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары аясында бұл учаскелер ерекше бақылауда.

Республикалық маңызы бар жолдарды қолданушылар қыс мезгілінде алыс сапарға аттанарда көлікті әбден дайындауы қажет.

  • Күн райының бұзылуы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты жазғы автомобиль шиналарын қысқы шиналарға ауыстыру маңызды.
  • Алыс сапарға аттанар алдында көліктің техникалық жай-күйін және жанармай мөлшерін тексеру керек.
  • Ауа-райы күрт нашарлағанда жол қозғалысы ережелерін қатаң түрде сақтаған абзал.
  • Көлікте қалың киім мен медициналық алғашқы көмек қорапшасы болуы керек.
  • Ауа-райы болжамын жіті қадағалап, дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдау қажет.

Штаттан тыс жағдай туындаса республикалық автожолдарды пайдаланушылар "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығына жүгіне алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994384-elimizdin-respublikalyq-manyzy-bar-zoldarynda-qysqy-kutip-ustau-zumystary-bastaldy/

pixel