Бас прокуратура: Қайрат Құдайберген мен "Дикий Арман" рақымшылыққа ілікпейді
Жарияланған күні:
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасына қатысты жарияланған рақымшылыққа жиырмаға жуық адамның ілікпейтінін айтты. Олар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін айыпталуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шыңдалиев рақымшылыққа ілікпейтін 20 адамның қатарында бизнесмен әрі бұрынғы мәжіліс депутаты Қайрат Құдайберген мен халық арасында "Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің де барын айтты. Олар қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деп айыпталуда.
Еске сала кетейік, бүгін Сенатта 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылданды.
Жалпы рақымшылық 1500-ге жуық адамды қамтиды. Негізінен олар – заңсыз үгіт-насихатқа еріп, ұрлық, бүлік, өртеу жасағандар. Бұл тұлғалар сотпен жазаның неғұрлым жеңіл түріне тартылып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994530-qairat-qudaibergen-men-dikii-arman-raqymsylyqqa-ilikpeidi-bas-prokuratura/