Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте салтанатты түрде ашылған жолайрықты бір күннен соң су басты (фото, видео)

Опубликовано:

Су басқан жолайрық
Су басқан жолайрық. Фото: KAZ.NUR.KZ

Күні кеше Шымкентте 25 қазан күні салтанатты түрде ашылған жолайрықты су басты, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

26 қазан күні түні бойы толассыз жаңбырдан соң су жаңа жолайрықта көлікпен жүру қолайсыздық тудырды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде видео да тарады. Видеоны түсіргендер "Жаңа жолайрық. Су толы" деп жатыр. 

Ал Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс Республика күнінде салтанатты түрде ашылған жолайрықты су басуының себебі насостың дұрыс жұмыс істемей қалуында дейді. Ол қазіргі уақытта су басу салдары жойылғанын да жеткізді.

"Рысқұлов пен Қонаев даңғылындағы жолайрықты су басты. Су басу орындарын ретке келтіруге "Build Stroi" ЖШС су тартатын арнайы 6 техникасы, 20 жұмысшы және ТЖД 2 су тартатын мотопомпасы жұмылдырылды", - деп жауап берді Бекен Қоныс.

Шымкентте жолайрықты су басты
Шымкентте жолайрықты су басты. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, 25 қазан күні айтулы мерекеге орай, Шымкенттегі Қонаев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық ресми түрде ашылған еді. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері арнайы қатысты.

Өз сөзінде шаһар басшысы аталған нысанның құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, техникалық сипаттамаға сәйкес 2 жыл 8 айда пайдалануға беріліп отырғанын айтып өтті.

Мұрат Әйтенов
Мұрат Әйтенов. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Естеріңізде болса, былтыр жыл соңында көлік кептелісін азайту үшін техникалық тұрғыда көлік қозғалысына  рұқсат етілген болатын. Сол аралықта кеткен кемшіліктер реттеліп, түзетілді", - дейді шаһар басшысы.

"Жолайрық Д. Қонаев даңғылымен 1030 метр, Рысқұлов көшесімен 684,7 метр аралығын қамтиды, ені 42 метр. Жол 6 жолақтан тұрады. Көлік өткізу мүмкіндігі тәулігіне 27775-тен 65820-ға ұлғайған", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жанар Есенбекова, Шымкент

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994551-symkentte-saltanatty-turde-asylgan-zolairyqty-bir-kunnen-son-su-basty-foto-video/

pixel