Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңіл дәрежеде мас болған": елордада жүргізушіні қуып жүріп ұстаған полицейлердің видеосы тарады

Опубликовано:

Астаналық жүргізушінің көлігі
Астаналық жүргізушінің көлігі. Видеодан кадр: Polisia.kz

Елорда полицейлері алкоголь және есірткі қолданып, көлік тізгіндеген жүргізушіні қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық порталдың жазуынша, Астанада кешкі уақытта Land Rover көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жолда апаттық жағдайлар туғызған.

Жүргізуші жоғары жылдамдықпен бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемеген.

Тәртіп бұзушы Республика даңғылында ұсталған.

"Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші көлікті "жеңіл дәрежедегі мас" күйінде басқарған. Сонымен қатар мультитесттен өту кезінде марихуана қолданғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды", – деп жазады басылым.

Сондай-ақ тексеріс барысында ер адамның мас күйінде көлік жүргізгені үшін 2020 жылы жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылғаны да белгілі болған.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын басқару") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994572-zenil-darezede-mas-bolgan-elordada-zurgizusini-quyp-zurip-ustagan-policeilerdin-videosy-tarady/

pixel