Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жақында салынған автобус аялдамаларының бірі желге шыдамай, құлап қалды (фото)

Опубликовано:

Қостанайда құлаған аялдама
Қостанайда құлаған аялдама. Фото: top-news.kz

Қостанай қаласында таяуда салынған жаңа аялдамалардың бірі ауа райына шыдас бермей құлап қалды, деп хабарлайды Наш Костанай сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Қостанайдағы Станционный көшесінде отыз жыл бойы тұрған аялдамалар жақында жаңартылып, қар мен жаңбыр астында автобус күтетін жолаушылар қатты қуанған болатын. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған.

"Аялдама салынған кезде қуанышымызда шек болмады. Өкінішке қарай, келесі күні жаңадан салынған кейбір павильондар құлап қалды. Әйтеуір, ішінде адам болмаған. Темір аялдамалар жерге дұрыс бекітілмегендіктен, желге шыдас бермеген. Ал әлі құламай тұрған аялдамалар жел кезінде шайқала бастады. Сондықтан, адамдар да ішіне кіруге қорқады", - дейді жергілікті тұрғын Людмила Панкратова.

Тұрғынның сөзінше, олар бұл мәселені айтып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шағымданған.

Басылымның жазуынша, қазіргі таңда жауапты ұйымның жұмысшылары аялдаманы қалпына келтіруге кірісіп кеткен.

"Бұл жұмысты орындаған мердігерге шағымды жолдадық. Олар аялдаманы жақсылап бекітуге міндетті", - дейді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994673-qostanaida-zaqynda-salyngan-avtobus-ayaldamalarynyn-biri-zelge-sydamai-qulap-qaldy-foto/

pixel