ҚТЖ пойыздағы үстіңгі орындардың бағасына жеңілдік бермейтін болды
Жарияланған күні:
"Қазақстан Теміржолы" ұлттық компаниясы бес бағыт бойынша жүретін пойыздардың үстіңгі орнындарына жеңілдік беруден бас тартты. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін ҚТЖ бес бағыт бойынша пойыздың үстіңгі орнына сатылатын билеттерге 20 пайыз жеңілдік болатынын мәлімдеген болатын.
Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылмақ болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994689-qtz-poiyzdagy-ustingi-oryndardyn-bagasyna-zenildik-bermeitin-boldy/