Қазақстанда пойыздың үстіңгі орындарына 20 пайыздық жеңілдік жасалмақ
Опубликовано:

Қазақстан темір жолы ұлттық тасымалдаушы компаниясы коммерциялық пойыздардың үстіңгі орындарына 20 пайыздық жеңілдік енгізуде. Бұл туралы ҚТЖ-ның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізіледі.
Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.
Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:
1. № 111/112 "Алматы – Маңғыстау";
2. № 51/52 "Алматы – Орал";
3. № 105/106 "Алматы-Петропавл";
4. № 71/72 "Астана-Шымкент";
5. № 29/30 "Алматы-Атырау".
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994499-qazaqstanda-poiyzdyn-astyngy-oryndary-ustingiden-20-paiyz-qymbat-bolady/