Негізінен Қытайдан келеді: Еңбек министрлігі Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жатқанын айтты
Жарияланған күні:
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 434 шетел азаматы еңбек етіп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 399 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.
"Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 6 137 адам (40%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 515 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 211 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 143 адам (8% ); өңдеу өнеркәсібі – 1 071 адам (7%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 539 адам, Үндістан – 1 801 адам, Түркия – 1 707 адам, Өзбекстан – 1 487 адам, Ұлыбритания – 1 125 адам", - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, ведомство ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін атап өтті.
Мәселен, биыл қаңтар айында министрлік шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25%) қысқартқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994712-negizinen-qytaidan-keledi-enbek-ministrligi-qazaqstanda-qansa-setel-azamaty-zumys-istep-zatqanyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.