Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әйел азаматтық некедегі күйеуінің қомақты қаржысы мен бағалы затын алып кетті деп күдіктелуде

Опубликовано:

Алтын жүзік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте тұрғын азаматтық некедегі күйеуінің бағалы заттары мен 2 млн теңгесін ұрлап кетті деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, 18 қазанда Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын арызданған.

Оның айтуынша, жұмыстан үйіне келген кезде азаматтық некедегі әйелі қонақ бөлмедегі сейфтен құны 200 мың теңге тұратын алтын жүзігі мен 250 мың теңгелік ноутбугін, оған қоса 2 млн теңгесін алып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,4 млн теңгені құраған.

Полиция аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Осыдан кейін күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Нәтижесінде күдікті бір тәулік ішінде қала аумағында қолға түскен.

Ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, бұл әрекетке баруына екеуара бас араздығы себеп болғанын айтқан.

Басылымның мәліметінше, қазіргі кезде айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994730-symkentte-aiel-azamattyq-nekedegi-kuieuinin-qomaqty-qarzysy-men-bagaly-zatyn-alyp-ketti-dep-kudiktelude/

pixel