Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50-ге жуық қазақстандық екі ай ішінде миллионер атанды

Жарияланған күні:

Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

Jusan Bank-тың "Игі істер үшін миллион ұтып ал" деп аталатын науқаны аяқталуға жақын. Бір жарым айдың ішінде 50-ге жуық қазақстандық миллионер атанып үлгерген. Шарттары өте қарапайым науқан аяқталғанша тағы ондаған ел тұрғынының бір миллион теңге ұтып алуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

5 қыркүйектен бастап елдегі Jusan Bank клиенттері игі іс жасап, миллион теңге ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Миллионер атанудың шарттары да күрделі емес - банк қосымшасы арқылы күнделікті тапсырмаларды орындау жеткілікті. Тапсырманы орындап, 1 миллион теңге ұтып алғандардың бірі - астаналық Ұлжан Көбентаева. Ойда жоқта олжалы болған 27 жастағы ару бастапқыда ұтысқа ие болғанына сенбедім дейді.

"Бұл науқан туралы өз әріптесімнен естідім. Маған "игі істер" деп аталатын атауы ұнады. Ұтып алған жүлдемді қайда жұмсарымды әлі ойланған жоқпын. Себебі баста сене қоймадым. Оны алдағы уақытта жоспарламақпын", - дейді Ұлжан.
Ұлжан
Фото: Jusan Bank

Айтуынша, Ұлжан 2017 жылдан бері Jusan Bank клиенті. Алдағы уақытта ол басты ұтыс – Tesla Model Y автокөлігін жеңіп алуға ниетті. "Сәттілікті серік еткен" бойжеткен барша қазақстандықты мұндай ерекше мүмкіндікті жібермей, ұтысқа белсене қатысуға шақырады.

Шырайлы Шымкент тұрғыны Сәния Пернешева да миллион теңгенің иегері атанған. 33 тапсырманы сәтті орындаған келіншек те бастапқыда мұндай ерекше "сый" ұтып алғанына сенбеген. Артынша желідегі тікелей эфирге кіріп, өзінің ұтысқа ие болғанына көзі жеткен.

"Өте керемет әсер алдым. Шыны керек, күтпедім. Қуаныштымын. Барлық қатысушыларға сәтілік тілеймін", - дейді банк бөлімшесіне қуана келген Сәния.

Бүгінде декреттік демалыста отырған келіншек қомақты қаражатты болашақ сәбиіне жұмсауға ниетті.

Сәния
Фото: Jusan Bank

Қыркүйекте басталған науқан аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 49 қолданушы миллион теңгеден ұтып алған. Қазірдің өзінде Алматы, Астана, Семей, Шымкент, Жамбыл, Қарағанды және өзге де облыстардан жеңімпаздар бар. Миллион ұтып алу соншалықты қиын емес. Бұл үшін Jusan, қосымшасын жүктеп алып, виртуалды немесе кәдімгі карта ашып, тапсырмаларды орындай бастау керек. Қосымшада ұсынылатын күнделікті тапсырмалар да өте оңай.

Мысалы, досыңа кофе алып беру, ұялы байланыс ақысын төлеу немесе таксиге тапсырыс беру сынды қарапайым төлемдер жасау қажет. Науқанды ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - адами қарым-қатынастарды нығайтып, кішігірім жақсылықтар арқылы жақын адамыңа жылылық сыйлауды әдетке айналдыру.

Бір тапсырманы орындағаның үшін 1 жұлдызша беріледі. Әр жұлдызша 1 млн теңгені ұтып алуға бір табан жақындатады. Ал тапсырманы орындай берген сайын ұтысқа ие болу мүмкіндігі де көп. Жинаған жұлдызшаңыздың саны 20-дан асса, онда автоматты түрде көптің арманына айналған басты ұтыс - Tesla Model Y автокөлігі сізге бұйыруы бек мүмкін.

Айта кету керек, аптасына жеті миллион теңге ұтыс ойнатылады. Яғни, бір аптада жеті адам бірден миллионер атана алады. Одан бөлек, ынталандыру түріндегі сыйлықтар – бонустар мен брендтелген мерч ұсынылады. Айтпақшы, науқанға қатысуға мүмкіндік әлі де бар. "Игі істер үшін миллион ұтып ал" науқаны 6 қарашаға дейін жалғаспақ.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994779-50-ge-zuyq-qazaqstandyq-eki-ai-isinde-millioner-atandy/