Сот Елжан Біртановты бес жылға бас бостандығынан шектеді
Жарияланған күні:
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сот залында Біртановты халық қошеметпен қарсы алды. Оның процесіне ондаған адам келді. Экс-министр санавиация эпизодында ақталды, бірақ билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Нәтижесінде сот Елжан Біртановты 5 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Ал бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің 4 жылға бас бостандығы шектелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994783-elzan-birtanov-bes-zylga-bas-bostandygynan-sekteldi/