Атырауда тұрғындарды шошытқан чемоданнан киім-кешек шықты
Опубликовано:

Атырау тұрғындарын күдікті чемодан мен қапшық бірталай әбігерге салып, шошытты. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасында хабарланды.
Кадрларға қарағанда, чемодан мен қапшық Атыраудағы құрылыс дүкендерінің бірінің жанынан табылған. Аумақты полиция қоршауға алды. Ал тұрғындарды бұл күдікті олжа біраз әбігерге түсіріп, үрейлендірді.

ІІМ мамандарының айтуынша, 28 қазан күні сағат 9.50 шамасында полицияға күдік тудырған чемодан мен қапшық туралы хабарлама түскен.
"Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, чемоданның ішінде киім-кешектер екенін анықтады", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994800-atyrauda-turgyndardy-sosytqan-cemodannan-kiim-kesek-syqty/