Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туыстарым өкпелі": Қызылордада 22 жастағы сотталушы өзінен 14 жас үлкен ғашығымен заңды некесін қиды

Жарияланған күні:

Жас жұбайлар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызылордада 22 жастағы сотталушы өзінен 14 жас үлкен ғашығымен заңды некеге отырды. Жас жігіт сүйіктісін жарақаттағаны үшін түрмеге түссе де, ғашығы оны кешірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыстық ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде әртүрлі қылмыс жасап түскендер ұсталынуда. Соның бірі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен сотталған азамат. Сотталушы бұл қылмысын әйелді қатты сүйгендіктен жасағандығын айтып ақтарылды.

"Мен оны бұрынғы өміріне қарамастан, сүйіп қалдым. Сүйген адам кешірімді келеді дейді. Бірақ сол күні ғашығымның өзге еркекпен саунаға кіріп бара жатқанын көріп, ашудан өз-өзімді ұстай алмай, қызғаныштан қылмыс жасадым. Қылмыстың өтеуі – жаза. Енді сегіз жылымды темірторда өткіземін.

Сондықтан онымен жиі кездесіп тұру мақсатында өтінішіміз негізінде мекеме заңгерінің көмегімен неке куәлігін алдық. Енді ол менің заңды некедегі әйелім. Ол мені кешіріп, менімен тағдырын қосты. Бұл менің бостандыққа шығуға деген үмітімді арттырады.

Өкінішке қарай, жақын деген адамдарым, арбаға таңулы мүгедек әкем мен жанашыр анам және жеті бауырым өзімнен 14 жас үлкен әйелмен байланысып, қылмысқа тартылғандығым үшін маған өкпелі – дейді өкінішті үнмен 22 жастағы Н. есімді сотталушы.

Өзінен үлкен адамға ғашық болып, махаббаты үшін жазаға тартылған қылмыскер енді жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейді. Әзірге тән жарақатын алған әйелі қамаудағы сүйіктісіне сәлем-сауқат тасып, жанашырлық танытып, жан жарасын емдеп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994971-tuystarym-okpeli-qyzylordada-22-zastagy-sottalusy-ozinen-14-zas-ulken-gasygymen-zandy-nekesin-qidy/