Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі 1,5 жылға дейін өседі

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Қазақстанда бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылатын болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, бұл жаңалық қанша ата-аналар санына әсер ететінін айтып берді.

Еңбек министрлігінде атап өткендей, бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайту жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де ата-аналарға қолданылатын болады.

Ата-аналар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларымен ұзағырақ болуға мүмкіндік алады. Бұл қадамды іске асыру шеңберінде, Министрлік, жұмыс істемейтін аналар үшін республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосымша қажеттілік бойынша есептеулер дайындады. Аталған мақсатқа республикалық бюджетте қосымша 183,5 миллиард теңге көзделетін болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алатын, жұмыс істейтін ата-аналар үшін де осындай көзқарас қарастырылған.

Осы жылдың желтоқсан айында, ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы аясында, балалы отбасыларды қолдау жүйесінің тұстарын өзгерту және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу бойынша ақпараттық жүйелерді дайындау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Бүгінгі таңда тиісті дүние шамамен 576 мың жұмыс істейтін және 65 мыңнан астам жұмыс істемейтін ата-анаға қатысты болмақ. Бұл ретте жұмыс істейтін ата-аналарға төлемдер МӘСҚ-дан олардың жалақысының 40% мөлшерінде жүргізіледі. Мамандар атап өткендей, азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу табысы мен өтілі неғұрлым көп болса, әлеуметтік төлем мөлшері де соғұрлым жоғары болады.

Айта кету керек, бала күтімі бойынша төлем мерзімін ұлғайту – бұл балалары бар қазақстандық отбасыларды әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар кешенінің бір бөлігі ғана.

«Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері табысталған аналарға жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғаяды. Бұл ретте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының иегерлеріне «Марапатталған аналар» жаңа мәртебесі беріледі.

Сонымен қатар, бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау мақсат етілген. Ол атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 190 мыңға жуық балаға әсер етеді. Бұл ата-аналарға баланың жеке қажеттіліктеріне негізделген өнімдерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа шаралары қарастырылған. Қазіргі уақытта әрбір қазақстандық үшін осы маңызды құжатты әзірлеу аяқталды. Жоба заңнамада көзделген келісу рәсімдерінен өтуде. Онда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бірыңғай негіз қалаушы қағидаттары мен бағыттары айқындалады.

Кодекс азаматтар үшін өмір бойы кепілдендірілген әлеуметтік құқықтары туралы бірыңғай ақпарат көзі болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995106-qazaqstanda-2023-zyldan-bastap-bala-kutimi-boiynsa-tolem-merzimi-15-zylga-deiin-osedi/

pixel