Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан азаматы Алматыда мопед ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pexels.com

Өзбекстан азаматы Алматыда мопед ұрлады деген күдікке ілінді. 20 жастағы ер адамның сыбайласы онымен бірге тұратын әйел болған, деп хабарлады Polisia.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Өзбекстанның 20 жастағы тумасы бес рет мопед ұрлаған.

"20 жастағы Х.есімді азамат өзінің құрбысымен жаздың басында келгені анықталды. Ақшалары таусылған соң олар көшеде түнеген. Күн суыта бастағаннан кейін баспананы жалға алуға қаражат қажет болады. Жігіттің ойына бөтеннің мүлкін ұрлаудан басқа ештеңе келмеді. Әзірге үш мопедтің қайда екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995110-ozbekstan-azamaty-almatyda-moped-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel