Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде қаруланған ер адам ұсталды

Опубликовано:

тәркіленген тапанша
Тәркіленген тапанша. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Семейде қаруланған ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми-арнасы.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 29 қазан күні полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының камералары арқылы Семейдегі Қ.Батыр көшесі мен Шәкәрім даңғылының бойында жоғары жылдамдықпен жүрген көлікті байқаған.

"Барыс-10" патрульдік экипажы автокөлікті тез арада тоқтатқан. Сол сәтте көліктен шыққан ер адамдардың бірі тапанша тәрізді затты бұталар жаққа қарай лақтырып жіберген.

"Жедел-тергеу тобы тапаншаға ұқсас затты, сондай-ақ 4 дана патронды тәркіледі. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталды.

36 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша ("Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жүргізушіге қатысты жол ережелерін бұзғаны үшін 7 әкімшілік хаттама толтырылды", – дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995171-semeide-qarulangan-er-adam-ustaldy/

pixel