jitsu gif

Қазақстанда диплом мен аттестат енді Egov жүйесінде QR код арқылы беріле бастайды

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pexels.com

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Қазақстандағы білім беру процесі мен қызметтерін цифрландыру бойынша жасалатын жаңа бастамалар туралы айтты. Соның бірі Egov және банк қосымшаларындағы QR-код арқылы аттестаттар мен дипломдар беру болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта берілетін болады. Әр оқушының өзіндік сандық профилі болады. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары бір сөзбен айтқанда барлығы сақталады", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, білім беру аясында ең қажетті барлық қызметтер EGOV және ірі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады.

"Колледждерде білім беру бағдарламаларының бірыңғай реестрін құрамыз, сондай-ақ студенттердің профильдерін және QR-код генерациясы арқылы цифрлық дипломдар беруді енгіземіз", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Қазақстанда диплом мен аттестат енді Egov жүйесінде QR код арқылы беріле бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.