Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда ұшып бара жатқан қоқиқаз балапандары видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Бір топ қоқиқаз
Қозиқаздар. Көрнекі фото: Pexels.com

Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өз Instagram парақшасында қоқиқаз балапандарының көлдің үстінен ұшып бара жатқан сәті түсірілген видео жариялады. Автор мұны сол аймақтағы биылғы жылдың ең соңғы қоқиқаздары болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қоқиқаздың соңғы балапандары", – делінген бейнежазбада.

Видео авторы негізгі отардан артта қалған балапандардың бұл тобы суық түскенше Түрікменстанға аман-есен жететініне үміттенетінін айтқан. Азамат Сәрсенбаевтың болжамынша, бұл биыл Маңғыстау аумағындағы соңғы қоқиқаздар болуы мүмкін.

"Құстар енді келесі жылдың көктемінде қоныс аударады", – деп жазды автор.

Айта кетейік, қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995210-mangystauda-usyp-bara-zatqan-qoqiqaz-balapandary-videoga-tusirip-qaldy/

pixel