Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы мұғалімдердің жалақысы тағы да өседі

Опубликовано:

20 мың теңгелік купюролар
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Қазақстандағы педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұйымның ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25%-ға артады. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Яғни енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет", - деп жазды Аймағамбетов.

Айта кетелік, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 2020 жылдың қаңтарында 25%-ға, 2021 жылдың қаңтарында тағы 25%-ға өскен болатын.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждердің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға ұлғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995218-2023-zyldyn-qantarynan-bastap-qazaqstandagy-mugalimderdin-zalaqysy-tagy-da-osedi/

pixel